ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АУДАНДЫҚ СОТТА ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Жуырда облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков арнайы іс-сапармен Қармақшы аудандық сотында болып, судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.
Онда аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев 2014 жылдың 8 айында қаралып аяқталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша баяндама жасады.
Облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судья Л.Алибекованың атқарған жұмыстарымен танысып, оған судьяның еңбек, орындаушылық тәртібін, халық алдында судьялық әдеп талаптарын сақтауды міндеттеді.
Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы Н.М.Қайырбеков сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оларды алдын-алу мақсатында, судьялар мен сот қызметкерлеріне қызмет бабын пайдаланып, пара беру немесе пара алу сияқты келеңсіздіктерге жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармау, оларға кеңес бермеу судья этикасымен, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі