2015 ЖЫЛЫ 13 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда аудандық соттың 2015 жылдың 12 айында сот төрелігін атқару қорытындысы сөз болды.
Сот төрағасы Қ.Абдуллаев сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша БАҚ өкілдеріне статистикалық мәліметтер айтып өтті.
Қармақшы аудандық соттың өндірісіне 2015 жылдың 12 айында барлығы 172 адамға қатысты 146 қылмыстық ісі қаралып аяқталған, 76 қылмыстық іс бойынша 83 адамға үкім шығарылған, 68 қылмыстық іс бойынша 82 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған, 9 іс 9 адамға қатысты прокуратураға қайтарылған, 13 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.
2015 жылдың 12 айында бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу, үйде қамап ұстау шарасын қолдануға санкция беру және қамауда болу мерзімін ұзарту туралы қылмыстық ізге түсу органдарынан 14 өтініш түсіп, оның 14-і қанағаттандырылды.
Есепті мерзімде 958 іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 128 арыз бойынша сот бұйрығы, 630 азаматтық іспен шешім шығарылса, 142 азаматтық іс бойынша қысқартылған, оның 2-і медиация тәртібімен, 53 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылған.
Қармақшы аудандық сотына 2015 жылдың 12 айында барлығы 1248 тұлғаға қатысты 1248 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 471 талап арыз және 231 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс келіп түскен.
Жиналыс соңында судьялар БАҚ өкілдерінің тараптарынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Сот төрағасы Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігін атап өтті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру құралы болып табылады. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктерінің бірі ретінде құқықтық мемлекеттің негізі болатын соттар қызметінің ашықтығына назар аударды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі