ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Қармақшы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс құжаттары бойынша құқық бұзушы өткен жылы 8 желтоқсан күні Иіркөл ауылының маңында екі ұңғылы қаруды, 16 калибрлі аңшы мылтығы және 6 дана патрон, 8 дана гильза тауып алып, ішкі істер органдарында тіркетпестен қаруды тасымалдаған.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 482 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, аңшы қаруын тәркілеп, оған 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 40 мың теңгеге жуық айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі