ҚАРМАҚШЫДА ТІРКЕЛГЕН 468 ҚЫЛМЫСТЫҢ 26-СЫН АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАДЫ
2015 жылдың 11 айында Қармақшы ауданында 468 қылмыс тіркелсе, оның 26-сын алаяқтық құрады, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Алаяқтық жасағандардың 5-еуі – әйел, 6-уы – ер азамат, 1-еуі – жасөспірім. Басым бөлігі жұмыссыз. Жәбірленушілердің де көпшілігі – әлеуметтік жағдайы орташа, орта білімді адамдар. Көп жағдайда заң талаптарын өздері сақтамайды, ақша беріп, жұмысқа тұруға болады деп, біреудің алдауына жолыққан.
Мысалы, Е. есімді тұрғын «балаңды әскери бөлімге жұмысқа тұрғызамын» деп, Р. есімді азаматшадан 100000 теңге алып, пайдасына жұмсап, өзі міндетіне алған істі аяғына жеткізбеген. Е. соттың үкімімен кінәлі деп танылды.
Прокурорлар осы ретте ақшаның көмегімен ешкім де жұмысқа орналаса алмайтынын, кезектен тыс заңсыз пәтерлер берілмейтінін, өзге де оңай жолмен мәселені шешу мүмкін еместігін ескертеді.