ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІНЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата кешенін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр.
«Сейхунинфо» сайты хабарлағандай, қайта жаңғыртылғаннан кейін мұнда кеп зиярат етушілер қатары көбейген. Мысалы, бұрындары күніне орта есеппен 30-40 адам келсе, енді екі есеге жуық өскен. Бұл, бір жағынан, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы қолданысқа берілгеннен кейін кешеннің туризм кластеріне енгізілуімен, екіншіден, кешен жанынан жаңадан көпфункционалды зиярат ету ортағынының ашылуымен байланысты.