ҚАРМАҚШЫЛЫҚ БІР ТОП ЖАС ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Кеше қармақшылықтар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Күлжауһар Раева, Жосалы кентінің әкімі Асқар Мереков тілектерін білдіріп, баталарын берді. Жастар ұйымдарының белсенділері болашақ сарбаздарға аманат хаты мен сый-сияпат табыстады.
Шара барысында жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.
Назерке САНИЯЗОВА
Шара барысында жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.
Назерке САНИЯЗОВА