МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ
Қармақшыдағы №272 орта мектептің 10-сынып оқушысы Арайлым Мұханбетова 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Ү.Қошалақов атындағы аудандық математикалық олимпиададан ІІ орын иеленді.
Үсен Қошалақов – математик. Қазалының тумасы. Қармақшыдағы орта мектепте мұғалім болған. Көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың үзеңгілесі. Қауіпсіздік органдары «Отанына опасыздық» жасады деп дәлелсіз айыптаған 49 адамның бірі. Ату жазасына кесіліп, кейін КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен кешірім жасалады. Кейін ұстаздық қызметіне қайта кіріседі. Өмірінің соңына дейін жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бере білді.
Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты осындай азаматтың тағылымды ғұмырын, еңбек жолын насихаттау, дарынды, талантты балаларды айқындау болды. Білгірлігімен көзге түскен Арайлым – мектебі мен ұстаздарының мақтанышы.