ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ БАЙҚОҢЫРҒА ТАРТУЫ
Байқоңыр қаласында ғажап киесі, құдіреттің иесі, талай сұңқар түлеткен, жүз жырауы жыр еткен Қармақшы ауданы еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз - 2015» мерекесі өтті.
Қызылорда облыс әкімінің кеңесшісі Райкүл Байназарова, облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов, Байқоңыр қаласы əкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко жәрмеңкені аралап, халықпен кездесті.
Ауылшаруашылық өнімдерінен 12 тонна күріш, 15 тонна картоп, 14 тонна қауын-қарбыз, 3 тонна асқабақ, көкөністерден 3 тонна, сечка 3 тонна және балық пен сиыр еттері төмен бағада саудаланды. Жалпы құны 5,0 млн.теңге тұратын, 22 көлік байқоңырлықтарға арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етті.
Биылғы жыл – Қазақ елі үшін айтулы мерекелер жылы. Елдіктің тойы, ерліктің тойы, атам заманнан ақ ордасын тіктеп, сайын даланы тұлпарлар тұяғымен дүбірлеткен қазақ мемлекетінің тойы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл және аспан мен жерді жалғаған, ұшырған алғаш сымыран - еңселі ел Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 60 жылдық мерейлі мерекесі аясында қармақшылықтар әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.