ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қармақшы ауданында ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Ұстазым - әнім, шәкіртім, бағым...» атты мерекелік шара өтті.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, ел мүддесін бәрінен де биік қоятын озық шәкірттеріңіз көп болсын деген тілекпен бірқатар білім бағбандарын марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Бүгінде ауданның білім беру жүйесінде 1800-ден астам ұстаз еңбек етуде. Жалпы 5 орта мектепке республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Төретам кентінде 600 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша қолданысқа берілсе, Ақай аулынан да 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Биылғы жылдың желтоқсан айында Ақай аулында салынып жатқан 600 орындық мектеп ашылады деп күтілуде.
2015 жылы білім саласына бюджеттен 4 млрд 247 млн теңге қаржы бөлініп өз мақсатында игерілуде. Оның ішінде Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытылатын мектептер үшін бөлінген қаржы көлемі 982 млн-ды құрап отыр.
Білім саласының қуана айтатын бір жағдайы – ҰБТ-да облыста алдыңғы қатардан түспеуі. 8 бітіруші «Алтын белгіні», 2 бітірушы «Үздік аттестатты» қорғады. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштер қатарында.