ҚАРМАҚШЫДА АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Кеше барша қармақшылық ардагерлер үшін қуанышты күн болды. Осы кезге дейін Кармакшылық ардагерлердің бас қосатын орны жоқ болатын. Халықаралық қарттар күні бұл мəселе түпкілікті шешімін тапты - аудандық мəдениет үйінің жанынан жер бөлініп, алғашқы іргетасы қаланды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне хабарлады.
«Бұл көптен ойда жүрген жоспар еді, бүгін міне өздеріңіздің қатысуларыңызбен «Ардагерлер Үйінің» іргетасын қаладық, енді Сіздер əрдайым ақылдасып отыратын өздеріңіздің жеке үйлеріңіз болатын болды, - деп аудан басшысы Сұлтан Мақашов барша ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, келер жылдың мамыр айында үйді пайдалануға берілетінін жеткізді.