85 ЖАСТАҒЫ СУДА ЖҮЗУДІҢ ШЕБЕРІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДӘРІПТЕЙДІ
Қарт спортшы Жұмагүл Тоғымова Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрады. Салауатты өмір салтын ұстанған қария бірде-бір рет дәрігерге қаралған емес, деп хабарлайды khabar.kz.
Сексеннің бесеуін еңсерсе де ине сабақтап, көрпе көктейді. Қимылы ширақ Жұмагүл әжей үнемі қозғалыс үстінде. Тіпті шөберелерінің жасауын да өзі әзірлейді. Жұмагүл Тоғымова жастайынан суда жүзуді жанына серік еткен. Бірақ кәсіби түрде айналысқан емес. Күнделікті күйбеңнен қолы қалт еткенде бассейінге бір сүңгіп шығуды үрдіске айналдырған.
- Жас күнімнен бастап суға түсемін, дариядан өтемін, арғы-бергі бетіне өтіп, оған қоса сиыр сауамын. Қазір еш жерім ауырмайды, - дейді Жұмагүл Тоғымова.
Қармақшылық аға буын әрдайым өскелең жасқа өнеге болудан танған емес. Бұл жолы олар жастармен бірге балық аулап жарысты. Ізгі шара Халықаралық қарттар күніне орайластырылды. Көргені мен түйгені мол қазыналы қариялар қармақ салудан да қалыс қалмады. Кезінде сәулет-құрылыс саласында қызмет еткен Әбдіраман Тұрғанов 1 сағаттың көлемінде 10 балықты олжалап, жарыс жеңімпазы атанды.
-Колхоздардың құрылысын салдым, орталықтағы сот ғимаратын, қонақүй салдым. Колхоздарда балабақша, мектеп, клуб салдым. Ардагерлерді қарттар күнімен құттықтаймын. Жастарға біздің жолымызды берсін,- дейді зейнеткер Әбраман Тұрғанов.
Үздік үштіктен бөлек ардагерлер «Ең салмағы ауыр», «Дәмді балық сорпасы» және «Балық аулауға ықыласы» аталымдары бойынша да марпатталды. Ал ең бастысы, табиғат аясындағы бас қосудың тағылымды жағы мол болды.