ОБЛЫСТЫҚ «БАЛА БИ» САЙЫСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қармақшы аудандық оқушылар үйінде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты облыстық «Бала би» сайысының аудандық кезеңі болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұландардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Балалардың бойындағы ақындық, шешендік өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, танымын дамыту мақсатында өткен байқауда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай ақын шығармашылығын кеңінен насихатталды. Аудандық сайысқа барлығы 20 мектептен 55 бала қатысып, өзара бақ сынады.
4 кезеңнен тұрған сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І орын алған қатысушылар облыстық «Бала би» сайысына жолдама алды. Сайыс жеңімпаздары аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдары және алғыс хаттарымен, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты облыстық «Бала би» сайысының аудандық кезеңіне белсенділік танытқан мектептер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.