БАҚЫТ БАСЫН ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ ИЕДІ
Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында «Ақтөбе и К» және «Оңталап» шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» ЖШС биыл 1627 гектар жерге «Лидер», «Янтарь» күріш сұрыптарын ексе, қазіргі күнге дейін 976 гектар жердегі өнімді жинады.
Білікті ауыл шаруашылығы маманы Мырзабек Смағұлов жетекшілік ететін №3 бригада 355 гектар жерге «Лидер» күрішін ексе, әзірге әр гектарынан 58,3 центнерден өнім жи¬нау¬да.
Ақтөбе ауылының тұрғыны, №3 бригаданың күрішшісі Әділ Есенов шаруашылықта жұмыс істейді. Ол мектеп бітіріп әскерге барып келгеннен соң шаруашылыққа жұ¬мысқа орналасады. Қазір тапжылмай бір орын¬да еңбек етіп келе жатқанына желдей зымырап 35 жыл уақыт өткенін де сезбей қалыпты.
Әділ Мырзағазыұлы өзіне бекітілген 53 гектар жерге «Лидер» күрішін егіп, оның әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алған.Өзімен бірге ұзақ жылдан бері жұмыс істейтін Әбсәли Шүлтіков, Басқынбай Қайырқұлов, Қалабек Шақабаев, Мақсат Шахиевтардың да алып жатқан өнімдері көңіл тоғайтады.
Биыл ауылдың астығы бітік шығуда. Дәл қазір диқан қауым күміс дәнді қамбаға құйып, уақытпен санаспай жұмыс жасауда.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ