ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСҰЛАНДЫҚТАР АРДАГЕРЛЕР ОТБАСЫНДА
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №121 орта мектебінің "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Бұқпанов Талғаттың, осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Қозыбақовтың және "Жас Отан" Жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің төрағасы Айдынбек Скендіровтың ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай "Қамтылмаған ардагерлер қалмасын" республикалық акциясы аясында және 5-қазан мұғалімдер күніне орай, сонымен қатар "Нұр Отан" Партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ерікті жастардың қатысуымен ұйымдастырылып отыр.
Акцияның негізгі мақсаты - аудан көлемінде еңбек етіп зейнетке шыққан ардергерлердің үйін аралап, қал жағдайын білу. Еңбек жолдарын жас ұрпаққа насихаттау. Осы орайда №121 орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларынан құралған "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері Нұрилаәсем Тұрмаханова, Алина Тұрымбетова, Гүлжаһан Боханова, Еркебұлан Серіков, Аққу Сламова, Индира Мусахметова, Гаухар Мүсілімова т.б. оқушылар еңбек ардагерлерінің үйін аралады.
"Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері Б.Момышұлы 22 үй тұрғыны Үміт Ешмұратова, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Тұрмахан Омаров және Махмудова Гүлшат әженің отбасында болып қайтты. Сонымен бірге №121 орта мектебінің ардагер ұстаздары Гүлсім Садықова, Асқар Тұңғышбаев, Гүлім Досжанова апайлардың үйінде болып, "Жас Ұлан" ұйымына ардагерлерді қабылдап, мерекелік құттықтау хаттар табыс етілді. Жасұландықтар әдеби монтаж оқып, ардагерлермен еңбек жолы туралы сыр сұхбат өткізді. Осылайша жастар ардагерлердің көңілін көтеріп қайтты.