ТУҒАН ТІЛІМ - ТІРЕГІМ
Бүгін Қармақшы аудандық «Жыраулар үйінде» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық «Жыраулар үйінің» ұймыдастыруымен «Туған тілім - тірегім» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жастардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, жастардың талантын шыңдау және оларды ынталандыру мақсатында өткен мүшәйраға аудан мектептері мен аграрлық-техникалық колледжінен 19 талапкер қатысты. Қазылар алқасында Құлдүйсенова Әбдірахман - «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Алтай Үсенов - ақын, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің редакторы, Айдаров Серік - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы талапкерлерге әділ бағасын берді.
Нәтижесінде Бас жүлде – Кеңшілікова Гүлфариза (№30 мектеп), І - орын Теңелбаева Толқын (№80 мектеп), ІІ орын – Қасым Нұрай (№185 мектеп), ІІІ орынды Сақтапберегн Арман (№26 мектеп) және Төлегенова Мөлдір (№183 мектеп) өзара бөлісті. Тағы да ұйымдастыру алқасы дайындаған «Тіл шебері» номинациясы аграрлық-техникалық колледжінің ІІ курс студенті Арыстанбекова Аймерекеге, «Ұшқыр ой» номинациясы №121 мектеп оқушысы Амантай Әдеміге, «Үздік шығарма» номинациясы №27 мектеп оқушысы Тойбазарова Дилбназға бұйырды. Қалған 11 талапкерлер мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің арнайы Алғыс хаты және сыйлықтарымен марапатталды.