ҚАРМАҚШЫЛЫҚ КӘСІПКЕР БИЗНЕСІН КЕҢЕЙТТІ
Қармақшылық жеке кәсіпкер Темірбек Күзембаев отбасылық бизнеспен жиырма жылдан бері айналысып келеді. Әуелгі кезде нан өнімдерінің бірнеше түрінен күніне 100-300 дана көлемде жергілікті дүкендерге өткізіп отырған кәсіпкер өз өніміне жергілікті сұраныстың артуына байланысты кәсібін ұлғайту қажеттігін түсінді.
Бұл ретте кәсіпкерге Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қармақшы аудандық филиалының Кәсіпкерлікті қолдау орталығы көмекке келді. Алғашында жай ғана кеңес алуға келген Темірбек бүгінде Орталықтың жан-жақты қолдауын алғанына ризашылығын білдіруде.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар және қаржы институттары арқылы Темірбек Күзембаевқа кәсібін кеңейту үшін несие алу жолдары мен олардың тиімті тетіктері туралы толық түсіндірме берді.
Орталық тарапынан кәсіпкерге тегін бизнес-жоспар әзірленіп берілуімен қатар, жобасы сүйемелденіп, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына ұсынылды. Нәтижесінде Темірбек «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы берілген 8 млн.теңге несиеге заманауы құрал-жабдықтар алып, өндіріс көлемін ұлғайтты.
Қазіргі таңда наубайханада нанның: бөлке, күлше, батон, багет, қара нан сынды түрлері мен түрлі тоқаштар шығарылады. Байқоңыр қаласының, Төретам кенті мен Ақай ауылының тұрғындары наубайханадан күніне 1000-нан аса нан өнімдерін алуда.
Ауданның 7 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырған ЖК «Күзембаев» сонымен бірге, аудандағы әлеуметтік нысандарды да нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмахановтың айтуы бойынша жыл басынан бері 5518 кәсіпкерге 11 188 кеңес берілген. Мұнымен қоса, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 млн.теңге тұратын 117 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылуда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі