ОЛ ЕҢБЕКПЕН ШЫНЫҒЫП ӨСКЕН ЖАН
Бірлігі жасарасқан көп ұлтты ауыл ІІІ Интернационал тұрғыны Гүлмира Танкенова қай жерде жұмыс істесе де қолынан тігін машинасын тастаған жоқ. Киім-кешектер, көрпе-көрпешелер мен жастық тыстар, жұмысшылардың арнайы киімдері тағы басқаларын тігу, қысқарту мен қатар ісмер қолымен тоқымалар тоқыды. Іліп тоқу арқылы сан алуан көрмелерге өз қолдымен дайындаған көрнекіліктерін балаларға әдістемелік құрал ретінде ұсынды. Оның маталардан тіккен сиыр, қой, түйе, піл, балапан секілді әдемі ойыншықтары балдырғандарға қуаныш сыйласа, көптеген көрмелердің көркін келтірді.
Ұлттар достастығы өркен жайған мекенде алғашында балабақша тәрбиешісі, кейін бала күтуші, ауруханада аула сыпырушы болып жұмыс істеп, нанын адал тапты. Қазіргі таңда аудандық кірістер басқармасына дара кәсіпкер ретінде тіркеліп салығын төлеп ауыл тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуде.
- Қазір кәсіптің, еңбектің заманы емес пе. Мен де уақыт ағымымен ілесіп, кәсіп көзін ашуды мақсат еттім. Соған жұмыс жасадым. «Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасын естіп, тиісті құжаттарымды өткіздім. Соның нәтижесінде аталған бағдарламаның жеңімпаздарының бірі болып танылып, 400 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Алда жоспарларым көп. Жұмысымды сапалы әрі жүйелі жүргізуде жеңіп алған қаражатқа әр түрлі маталар, тігін жіптер, тез тігетін тігін машинасын сатып алдым. Тігінге сұраныс мол. Болашағы бар іске отбасында жұбайым Берік пен баларым жәрдем беріп отыр, - дейді іскер әйел.