ОМАРТА КӘСІБІН ҚОЛҒА АЛДЫ
Қызылорда облысы, ІІІ Интернационал ауылындағы шаруашылықта механизатор болып еңбек ететін түрік жігіті Блут Исмайлов «Ақниет» бағдарламасы арқылы арманына қол жеткізді.
Жасынан омарталыққа бейім Блут ауыл әкімшілігіндегі қызметкерлердің көмектесуімен Блут жоба жасап, ол басқосуда жеңімпаз атанып, қайтарымсыз 500 мың теңгенің грантын жеңіп алады.
Алғашқы жұмысын омарта орна¬лас¬тыратын жерді және қажетті құрал-жаб¬дық¬тарды алудан бастайды. Блут украйндық тұқымды 12 ара отбасын сатып алыпты.
-Омарта кәсібімен айналысу оңай емес. Әр адамның сүйікті ісі болады ғой. Ал, мен жастайымнан аралар туралы зерттеп, білуге құштар едім. Ешкім маған бұл кәсіп туралы үйреткен емес. Ауыл кітапханасындағы аралар түрлері, оны өсірудің жолдары туралы жазылған кітаптардың барлығын алып, оқып бітірдім. 90 жылдардың тұсында тұрмыс ауыр болғанын білесіздер. Сол кезде осындай кәсіппен айналыссам деген ой болды. Бірақ, оған қолымда еш қаражатым болмады. Десе де, үйімнің айналасын жасыл желекпен көмкеруден шаршағаным жоқ. Түбі осы кәсіпті қолға аламын деген мақсатымнан танбадым. Аралар тек гүлдермен қоректенетіндіктен оларды көктем шығысымен ауыл сыртындағы шабындыққа алып кетемін. Шеңгел, жантақ, жоңышқа гүлдегенде араларым еркін жайылады. Алдағы уақытта сапалы бал өнімімен ауданды, облысты толық қамтамасыз етуге ниеттімін, - дейді кәсіпкер.