ҚАРМАҚШЫДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 138,7 МЛН.ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 28 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашовтың қатысуымен Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңесте өлкеде кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды.
Қармақшы ауданы - кәсіпкерліктің дамуы жөнінен аймақта кенже қалған аудандардың бірі. Сондықтан да кеңесте кәсіпкерлікті әртараптандыру, жаңа кәсіп түрлерін ашу мәселелері талқыланды.
Аудан басшысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдерімен кездесіп, кеңес отырысына қатысуы Қармақшыда кәсіпкерліктің дамуына серпін берері сөзсіз.
Кәсіпкерлер палатасының диалог алаңында кәсіпкерлер ауданда кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді, қазіргі экономиканың «ерекше» кезеңінде кездесіп отырған қиындықтарын ортаға салды.
Аудан басшысы қармақшылықтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жеткілікті екендігін айта келе, қызмет көрсету саласы бойынша кәсіп түрлерін ашуда ұсынды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің кез келген мәселесін шешуге қолдау көрсететіндігін, бұл ретте Кәсіпкерлер палатасының әлеуетін кеңінен қолдануға шақырды және алдағы уақытта жиі кездесіп тұруды ұсынды.
Айта кету керек, облыстық Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы осы уақытқа дейін 425 азаматқа 605 қызмет көрсеткен. Аталмыш азаматтардың 28-інің жалпы құны 138,7 млн.теңге болатын жобасы қаржыландырылды. Жобалардың ішінде: қалааралық көлік тасымалы, автокөлік жөндеу орталығы, наубайхана, жарнама агенттігін ашу, шұжық цехын іске қосу, мал басын көбейту, мал бордақылау, жылыжай кешені, жиһаз өнімдерін өндіру т.б. бар.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі