ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАДЫ
Қармақшылықтар «Денсаулық фестивалі» акциясын спорттық киімде «Жаяу жүру уақыты» шеруімен бастады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,-дейді. Спортпен шұғылданып, үлгі көрсетсек, әсері күшті болатыны сөзсіз. Сол себептен, бүгінгі шара арнайы ұйымдастырылып отыр. Себебі, қандай да болсын қоғамның болашағы жастар Сіздермен байланысты. Сондықтан, баршаңызды салауатты өмір салтын ұстауға «Денсаулық Фестивалі-2015» акциясына белсене қатысуға шақырамын! – деп аудан әкімінің орынбасары Болат Накипов барша қармақшылықтарды меркемен құттықтады.
Жосалы кентінің орталық алаңында «Денсаулық фестивалінде» тұрғындарға медициналық кеңес беру мақсатында медициналық қалашық ұйымдастырылды. Олар жылжымалы медициналық кешенде лор, окулист, флюроавтокөлігі, УЗИ, ЭКГ, гликометр аппаратының қызметі, қан қысымын анықтау, салмақ өлшеу, т.б. қызметтер көрсетті.
Сонымен қатар орталық алаңда халыққа флешмоб, мектеп оқушылары арасында дене жаттығулары, спорттық және ұлттық-мәдени спорттық шаралар, 2400 м қашықтыққа жүгіру, мектеп оқушылары арасында сурет салудан конкурстар ұйымдастырылды. Фестиваль қатысушылар арасында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мен жарақат жөнінде ақпарат беру материалдары таратылды.