ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ІІІ-ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылдық округінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жариялаған Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» 5 институционалды реформасынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіндіру мақсатында кездесу болып өтті.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты. Кездесу барысында «100 нақты қадам» 5 институционалды реформасының 4-бағыты кеңінен талқыланды.
Ауыл тұрғындарын ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблесының 20 жылдық мерекелерімен шын жүректен құттықтаған Е.Л.Тоғжанов алдымен Социалистік Еңбек Ері, «ІІІ Интернационал» ауылының негізін қалаушы Цай Ден Хактың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Этностардың әзірлеген көрмесімен танысып, осы ауылда тұрып жатқан көп ұлттардың бір әкенің баласындай тату тәтті өмір сүріп, еліміздің өсіп өркендеуіне қосып жатқан үлестеріне ризашылығын білдірді.
Кездесуден соң Е.Л.Тоғжанов Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне барып, зиярат ету орталығында тағзым етті.