ҚАРМАҚШЫДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДА
Ауданда мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті қолданылуда. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда филиалы және «Қорқыт елі НС» ЖШС арқылы 22,5 млн теңге несие алып, оған 126 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды бұқа алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Құлан» бағдарламасы аясында Қармақшы ауылдық округінен Жеке кәсіпкер Б.Қыстаубаев 7,0 млн теңге, Ақтөбе ауылдық округінен «Дос» шаруа қожалығы 5,5 млн теңге несие алып, 55 бас бие, 6 бас асыл тұқымды айғыр алып өсіруде. Иіркөл ауылдық округінен «Сүйінтай» шаруа қожалығы 11,0 млн теңгеге жобасын өткізіп,қаралуын күтуде.
Жергілікті мал тұқымын асылдандырудың өнімділігі мен сапасын жақсартуға байланысты «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамының ақпараттық талдау жүйесіне 22 шаруашылық енгізілсе, оның 19-ы тұқымдық түрлендіру талаптарына сай жұмыс атқаруда.
Ауданда биыл жалпы 10749 бас аналық болса, оның 1245 басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылып, 11,6 пайызын құрады.
Мал шаруашылығын қолдау бағытында 12,2 млн теңге субсидия берілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 1,3 пайызға, жылқы 5,8 пайызға, түйе басы 0,3, қой-ешкі 1,4 пайызға өсті.