ҚАРМАҚШЫДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ
Қармақшы ауданының ІІІ-Итернационал ауылынан бастап алғаш күрішке орақ түсті. Аудан əкімі Сұлтан Мақашов биыл өнім мол болсын деп, барша диқан қауымына сəттілік тіледі. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Айта кету керек, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен мән беріліп келеді. Қармақшы ауданында жалпы көлемі 1 млрд 213 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға өсті.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 21 983 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 15 390 гектарына күріш дақылы себілді.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға артық егілді.
Егілген күріш алқабының 10,4 пайызына «Маржан», 58,1 пайызына «Лидер», 31,5 пайызына «Янтарь» сорттары орналастырылды.
Биыл ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 603,5 млн теңге көлемінде субсидия берілді.