ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кеше Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық Мәдениет үйінде «Ата Заң- азаматтығымыздың тірегі» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Қуаңдария ауылында орналасқан 2019 әскери бөлімінің «Қосшын» шекара бөлімінің сарбаздары, Тұрмағанбет, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ – Интернационал, ауылдық округтерінің жастары қатысты.
Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Іскендиров, «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ильясов қатысты.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев Әз Тәуке шығарған «Жеті Жарғының» өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының шырынын бойына сіңіре туындағаны хақ. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы. Сондықтан да, бүгінгі мерейлі мереке – Конституцияның 20 жылдығына орай Негізгі Заң жөнінде бірді-екілі әңгіме өрбіткенді жөн санағанын айтты.