ҚАРМАҚШЫДА АВТОБЕКЕТ САЛЫНАДЫ
Қармақшы ауданында әлі күнге дейін жолаушылар тасымалын реттейтін құрылым, автостанция жоқ. Бұл мәселе өз шешімін табатын күн алыс емес, деп жазады Медиа Жұлдыз Қоғамдық Қоры.
Аудан орталығы Жосалы кентінде автостанция салу жұмыстары бойынша қазіргі таңда «Ешмұратов» жеке кәсіпкер тарапынан қолға алынып құрылыс материалдары жеткізіліп жұмыстары басталды.
Автобекет станция салуға 3 гектар жер бөлінген. Жоба-сметалық құжаттамасы ЖК «Проект» арқылы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Жоба бойынша автостанция қалааралық, ауданаралық, қалаішілік маршруттарды қамтиды. Жоба бойынша автостанцияда такси тұрағы, жүргізушілердің демалатын бөлмесі, диспетчерлік бөлмесі, медициналық бекеті, ана мен бала бөлмесі және асхана қарастырылған. Автостанциянын жұмысын жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Барлығыда заман талабына сай, соңғы үлгіде жарақтандырылады. Бұл жаңалықты естіген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.