ҚАРМАҚШЫДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰРАҚТЫ
Кеше Қармақшы ауданы əкімі Сұлтан Мақашов аудан орталығындағы бірнеше базарды аралап шықты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен ең қажетті азық-түліктің бағасына аса мəн берді. Сатушылармен бірге тұтынушылардың пікірлерін тыңдады. Базардағы қажетті ұн мен май, сүт, картоп өнімдерінің бағасы тұрақты, еш өзгеріссіз.
Жалпы Қармақшы ауданының халқын азық-түлік тауарларымен 295 сауда дүкені, 4 сауда базары және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 14 шағын және орташа наубайхана қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің өкімімен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жөніндегі аудандық жұмыс тобы құрылған. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына және қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жыл басынан бері аудан әкімдігі аудандағы көтерме саудамен айналысатын 5 кәсіпкерлік субъектімен азық-түлік бағасын көтермеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Жасалған меморандум нәтижесінде кәсіпкерлердің «Жандос», «Маржан», «Орда», «Ақ-бидай» және «Қармақшы» СТК сауда дүкендерінде азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 5-10 пайызға төмен бағамен сатылуда.
Айта кету керек, ауданда қазіргі таңда 1 сортты ұнның бағасы 76 тенге, күріш 160 теңге, картоп – 100 теңге, қант – 180 теңге, сиыр еті - 1200 теңге, жұмыртқа 10 данасы – 190 теңге болып тұр. Аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы бағаны қадағалап, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.