ҚАРМАҚШЫДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 375,8 МЛН.ТЕҢГЕНІҢ 137 ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жыл өткен сайын Қармақшы ауданында кәсіпкерліктің өрісі кеңейіп, аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде.
Атап айтқанда, ауданда биыл төменде көрсетілген бағдарламалар аясында жалпы 375,8 млн.теңгенің 137 жобасы жүзеге асырылуда:
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба бойынша 110,4 млн. теңге несиелендірілді. Бұл жобалар бойынша 23 адам жұмыспен қамтылып, жобалар толық іске қосылғанда қосымша 29 адам жұмыспен қамтылады.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің несиелендіру комиссиясы арқылы жалпы құны 57,8 млн теңге болатын 8 жоба қаржыландырылды.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 9 жоба 31,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 81 жобаға 164,5 млн. теңге қаралған.
«Ақниет – әлеуметтік серіктестік бағдарламасы» бойынша 2015 жылы Қармақшы ауданынан 33 жоба 12,0 млн. теңгенің грантын жеңіп алды.
Сондай-ақ, Қармақшы ауданы Жосалы кентінен №1 индустриалды аймақ құрылмақ. Бұл мақсатқа 15 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылымдарға облыстық бюджеттен 112,0 млн теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда.
Қазірдің өзінде индустриалды аймақтың 2 гектар жеріне жылыжай кешендерін орналастыру, 1 гектар жерге қабырға блоктарын өндіру, 1 гектар жерге бетон бұйымдарын өндіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.