ҚАРМАҚШЫДА АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ 2015-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Қармақшы ауданының экономикасын құраушы негізгі сала - ауыл шаруашылығы болып саналады. Бүгінде мемлекеттік қолдау шаралары арқылы ауылшаруашылығына жеңіл несиелермен субсидиялар берілуде. Лизингке техникалар алынуда. Осындай қамқорлық шаруалардың дамуына тиімді болып тұр.
Нәтижесінде егіс көлемі артуда. Биылғы жылы егіс көлемі 21 983 гектарды құрады, оның ішінде 15390 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға артық егілді.
Мал басының да барлық түрлерінде өсім бар. «Сыбаға», «Құлан», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары бойынша жобалар жүзеге асуда.
Қазіргі уақытта аудан экономикасының базалық негізін егін шаруашылығындағы күріш өсіру құрайды. Сондай-ақ, ауданда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер мол, өндіруші кәсіпорындар ашуға да ауданның әлеуеті жеткілікті.
Осы мәселелерді жүйелі шешу мақсатында «Қармақшы ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған жол картасы» қабылданды.
Аталған жоспарға сай, іс-шаралардың жүзеге асуы жаңа өндіріс орындарының ашылуына әсер етеді. Сонымен бірге су жүйелері тоспаларының жөнделіп, мал және балық шаруашылығының дамуына өз септігін тигізеді деп күтілуде.
картасы аясында Жосалы кентінде биылғы жылы индустриялды аймақ құрылысы басталып, аяқталады. Оған ауданның шағын өндіруші кәсіпорындары ораналасады деп күтілуде.