ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Қармақшы ауданының орталығындағы №250 мектеп-лицейінде «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме табысты мектепке қадамдар» тақырыбында аудандағы білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі болып өтті.
Шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов пен ұстаздар, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, ата-аналар қатысты.
Кеңесті аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашып, сала қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтады.
Аудан бойынша жылма-жыл білім саласын қаржыландыру деңгейі өсіп келеді. Аудандық білім бөліміне қарасты 23 мектепте 2015 жылға жалақы қорына 220,0 мың теңге, ағымдағы жөңдеу жұмыстарына 13300,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөңдеу жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ Елбасының Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша 25 балабақша және 20 шағын орталықта 2972 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен қатар, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшу тәжірибесі енгізілген облыс бойынша 24 мектептің қатарына ауданнан екі мектеп: №105 орта мектеп пен №250 мектеп-лицейі енді. Бүгінде аталмыш мектептер бейіндік мектептер болып білімін жетілдірді. 28 ұстаз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығында, 48 білім саласының қызметкері Қызылорда қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында, 6 мұғалім Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының институтында өз білімдерін жетілдірді.
Тамыз кеңесі аудан басшысының сала үздіктерін марапаттауыңмен қорытындыланды.