ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қармақшыда құрылысшылар күніне орай салтанатты шара өткізілді.
Айта кету керек, соңғы кезде Қармақшы ауданы қарқынды құрылыс алаңына айналуда. Жыл өткен сайын ауданда түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2014 жылдың өзінде 250 келушіге арналған аудандық емхана мен ІІІ-Интернационал және Ақай ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Көмекбаев ауылында екі пәтерлі жеті тұрғын үй пайдалануға беріліп, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде тұрғын үй кезегінде тұрған 12 қармақшылық баспаналы болды. Сонымен бірге, Халықаралық манызы бар ғимарат Қорқыт Ата кесенесі қайта жаңғыртудан өтті.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов сала мамандарын құттықтап, бірқатар құрылысшыларды марапаттады. Шара аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.