ӨНЕРПАЗ ЖАСТАРДЫҢ КОНЦЕРТІ ҚАРМАҚШЫДА ӨТТІ
Өнердің ақ боз үйі саналған қасиетті Қармақшы өңірінде аудандық Мәдениет үйінде "Өнер керуені" атты облыстың өнерпаз жастарының концерті болып өтті.
Концертте республикаға танымал Сыр жастары Марат Сүгірбай мен Назгүл Бердіқожа бастаған жас таланттар жыр сүйер қауымға өз өнерлерін тарту етіп, ел ықыласына бөленді. Қорқыт жатқан киелі өлкеде өткен осынау бірегей жыр кешінің қорытындысында аға буын өкілдері ақ баталарын беріп, өнер керуенінің өрісі кеңейе берсін деген жылы лебіздерін білдірді.
Айта кету керек, өнерпаз жастардың концерттік бағдарламасы бүгін Сырдария ауданында жалғасын таппақ.