НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында Сайлауалды тұғырнамасының «Әйелдерді қолдау» бағытындағы сарапшы топтың отырысы болып өтті. Отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін көтеру, кадрлық резерв арқылы әйелдерді қолдау мәселелері талқыланды.
Алғаш сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күлжауһар Раева сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру партияның негізгі жұмысының бағыты. Сондықтан да нақты нәтижеге қол жеткізуде әйелдерді қоғамдық өмірге белсенді тарту тұрақты дамуымыздың кепілі екенін айтты.
Қоғамдық негіздегі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Үрзахия Махамбетова, ардагер, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Тынышкүл Далиева, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Анар Жүсіповалар қазіргі замандағы әйелдердің қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікте де, ғылымда да өздерінің ұлттық ерекшеліктерін айтты. Бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелерге қатысты қыз балаларға айтылып отырған сындарды ескере келе қыз бала тәрбиесіне мектеп қабырғасынан бастап, олардың жас ерекшеліктеріне сай қыздар кеңесін құрып, оларға жан-жақты тәрбие жұмыстарын күшейтуіміз кажет деген ұсыныстарын жеткізді.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясының жаңа үлгідегі билеті партия ардагері, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» Тынышкүл Далиеваға табыс етілді.