ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСТАР АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ
Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау» мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Аудан жастары арасында жастарға қатысты мемелекеттік бағдарламаларды сала мамандары арқылы насихаттау масатында өткен дөңгелек үстелді «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ильясов ашып жүргізіп, дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, «Жастар кадрлық резерві», «Жасыл ел», «Серпін» бағдарламалар төңірегінде аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ің Қармақшы аудандық бөлімі басшысы М.Ибраев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Скендіров, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Х.Мырзагелдиева мәлімет беріп, бұл бағдарламалардың барлығы жастар үшін маңызды екенін, жастарының мәртебесін көтеру, саяси белсенділігін арттыру мемлекетіміздің басты басым бағыттарының бірі болып табылатындығын , жастардың белсенділігін арттыру қоғамның басты мақсаты екенін де жеткізді.
Дөңгелек үстел барысында жастар өз көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойып, алдағы уақытта қоғамдық шараларға белсенді қатысатындарын айтып, пікірлерімен бөлісті.