ҚАРМАҚШЫДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«Жастар ресурстық орталығының қолдауымен» Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің жүлдесі үшін кіші футболдан жарыс болып өтті.
Жарыс Жосалы кенті №27 мектептің спорт алаңында командалық түрде өткізілді. «Жастар ресурстық орталығы» Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев жарысты ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Барлығы жарысқа алты команда қатысып, оларға Е.Берманов бас төреші болды. Жастар спорттық жарысқа белсенділікпен қатысып, спортқа деген ынта - жігерлерін көрсете білген спортшылар арасынан III орынды «Қармақшы самбо», II орынды «Қылмыстық атқару инспекциясы», ал I орынды «Қайнар» командасы жеңіп алса, «Жасыл ел», «Қайсар», «Жастар» командалары назардан тыс қалмай «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің дипломымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.