АЛҒАШ РЕТ АҚАЙ АУЫЛЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақай ауылында тағы бір салтанатты шара өтті. Ауыл бүлдіршіндеріне көптен күткен «Алладин» ойын-сауық орталығы өз есігін айқара ашты.
Жаңа орталық ойын-сауық аттракциондарымен қатар, танымдық элементтермен (балалар әткеншегі, пластиктен үйшіктер мен балалар қамалы, үрлемелі батуттар, бүлдіршіндерге арналған лабиринт, оқ өткізбейтін кеудешемен атысатын кабина, машиналар, электромобильдер мен балалар паровозы және т.б), 7D форматындағы 8 орындық мини-кинотеатр, бөбектерге арналған аймақ, «танымдық асханасы» бар отбасылық кафе және тағы басқа да жабдықтармен қамтылған.
Ақай ауылының кәсіпкері Ниязбаев Серік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өз жобасын жүзеге асыруы үшін «Даму» Қоры тарапынан 12 600 000 теңге немесе несие сомасының 70%-на тең көлемдегі кепілдендіруін алды. Жеке кәсіпкер «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы несие рәсімдеп, Қармақшы ауданында теңдессіз алғашқы балалар ойын-сауық орталығын ашуға мүмкіншілік алды.
«Ойын-сауық орталығын ашу туралы 2013 жылы отбасыммен Шымкент қаласына демалуға барғанымда алғаш ойыма келді. Сол сапарда балаларымның аттракциондарда өте қызықты уақыт өткізгенін көріп, осындай ойын-сауық орталығына көптеген отбасының қолы жете бермейтінін ойлап: «Неге жыл сайын өзге аймақта демалысқа барамыз? Неге дәл сондай балалар орталығын өз ауылымда ашпасқа? Мысалы менің жылына бір рет балаларымды өзге қалаға демалысқа апаруға жағдайым бар, алайда мүмкіндігі шектеулі балалардың, көп балалы және толық емес отбасылары балаларының осындай демалысқа шамалары келмей жатады. Менің білетінім барлық бүлдіршіндер ойын аттракциондарын армандайды». Үйге оралған бетте бүгінде марқұм болған әкеммен ақылдастым, себебі менің барлық бастамаларымды сөзсіз қолдайтын жан еді және осы жолы да менің идеяма салмақты көзқарас білдірді. Менің әкем Ниязбаев Әлдебай Жарылқасынұлы мені қолдаған және менің барлық кедергіден өтіп, өз мақсатыма жететініме сенім білдірген ең алғашқы адамның бірі. Сондықтанда, болашақ ұрпағымыздың қуанышты күндерін арттыруға аянбай қызмет етемін деп білемін», - дейді кәсіпкер Серік Ниязбаев.
Салтанатты түрде ашылған орталықта бүлдіршіндер бірнеше сағат бойы аттракциондармен тегін танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасылардың балаларына аудандағы жалғыз ойын-сауық орталығының есігі әрқашанда ашық деп уәде берген кәсіпкер Ниязбаев Серік өз сөзінде әлеуметтік жауапкершілікті бизнестегі басты мәселе деп білемін дейді.