ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 76 ҚЫЛМЫСТЫҢ 8-І МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Брифинг барысында аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармағымен айыпталған екі азаматқа қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталды. Сотталушылар 2015 жылдың мамыр айының 25-нен 26-на қараған түні, сағат 04:00 минут шамасында, Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданы, Ысқақов көшесінің бойында орналасқан бөтен мүлікті тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, болгаркамен шрупаверді жасырын ұрлап, жәбірленушіге 25400 теңге мүліктік залал келтірген.
Қармақшы аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармағымен айыпталғандар өзара медиация тәртібімен келісімге келіп, жәбірленушімен татуласып, бітімгершілікке келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылған.
Айта кету керек, жыл басынан бері Қармақшы ауданында 76 қылмыстық істің 8-і ҚР Медиация туралы заңы тәртібімен қаралған.