ТӨРЕТАМДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, еліміздің әр бір аймағында мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде Төретам кентінің мәдениет клубында бүлдіршіндерге арнап қуанышты көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды «ХҚКО» РМК Байқоңыр қалалық бөлімі.
Өнерлі балалар бұл күні сахна жұлдыздарына айналып, ән шырқап, би биледі. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, қатысушылар асфальтқа сурет салудан сайысты. Шараға ат салысып, белсенділік танытқан балаларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, келген балалардың барлығына бірдей сый-сияпат жасалды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға «ХҚКО» РМК Байқоңыр қалалық бөлімінің қызметкерлері мен «Жәрімбет» мешітінің ұйымдастыруымен балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар таратылды. Шараға қатысқан балалар көтеріңкі көңілмен және ерекше әсерде үйлеріне тарқасты.