ҚАРМАҚШЫ АРДАГЕРЛЕРІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ САПАРҒА ШЫҚТЫ
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 14-15 мамыр аралығында Арыстан Баб кесенесіне және Түркістан қаласына экскурсиялық бағыттағы сапармен ардагерлеріміз барып қайтты.
Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, Қармақшы ауданының ауылдық округтерінен және Жосалы кентінің тыл ардагерлері мен аудан көлемінде беделді қызмет атқарған ардагерлер Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар қаласындағы Арыстан Баб кесенесіне экскурсиялық бағыттағы сапарда болып қайтты. 14 мамыр күні Арыстан Баб кесенесіне маңындағы қонақ үйге орналасқан соң, құрбандыққа мал шалып, Арыстан Баб мешітінде құран оқытты. Бұдан соң Арыстан Баб кесенесіне барып бабаға құран бағыштап, қсиетті құдығынан су алды. Кешкі аста ардагерлерімізге үлкен ас дайындалып, бабамызға құран оқыды. 15 мамыр күні ардагерлеріміз Түркістан қаласына келіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат жасап, құран бағыштады. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы жер асты мешітін ескі монша және Тарихи – мәдени- этнографиялық орталық мұражайында болып, ХІХ-ХХ-ХХІ ғасыр жәдігерлерімен танысып, үлкен әсер алды.