ҚАРМАҚШЫДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында «Жастар ресурстық орталығы» МКМ Қармақшы аудандық бөлімінің қолдауымен, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» атты мемлекетіміздің жас талант айтыскер ақындары арасында ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Астана, Шымкент, Тараз қалаларынан, Қызылорда облысының Шиелі, Қармақшы аудандарынан 8 ақын қатысып, арқалы айтыскерлердің өнер додасы халықты бір серпінтіп тастады. Шараға ауыл ақсақалы Б.Қожабаев, Журналистер одағының мүшесі ақын Ү.Өндібаева, Дауылкөл а/о әкімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А. Мұханбетқалиевтар әділ қазылық етті.
Шара басында 29 мектеп директоры З.Тасымова жастарға игі тілек білдіріп, шараның алғы сөзімен сәттілік тіледі. Ел сусынын қандырғандай айтыс шарасы өте қызықты өтті. Додада Астанадан келген Бек Шымат бас жүлде жеңіп алса, Тараз қаласынан келген Аруна Керімбек 1 орын, Шымкент қаласынан келген Даурен Ысқақ 2 орын. Тараз қаласынан келген Рай Дөңбай 3 орынды иеленсе, қалған ақындар алғыс хаттармен марапатталды.