ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс құжаттары бойынша Қармақшы ауданы, «Тарғыл» деп аталатын елсіз аймақта ол өзімен бірге дара ауызды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген.
Азамат ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен қаруы тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 39 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қармақшы аудандық баспасөз қызметі