ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ТОП - ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА
Қармақшы ауданына ғылыми медициналық зерттеу тобы келді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" РМҚК және Қарағанды Мемлекеттік медициналық университеті тарапынан құрамында 3 профессор, 3 ғылым кандидаты және 45 жоғарғы санатты дәрігер мен ғылыми қызметкерлері бар медициналық зерттеу тобы аудан халқының денсаулық жағдайына экологияның әсері бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Топ басшысы Л. Ыбыраева зерттеу жұмыстары екі деңгейде 3 жыл бойы жүргізілетінін айтты. Біріншісі - қандай да болмасын аурулардың экологияға тәуелділігі, екіншіден ауа, су, топырақ, жаңбыр, қар, тұз т.б. денсаулыққа әсері айқындалмақ.
Медициналық зерттеулердің қорытындысы 1-2 ай көлемінде базаға ендіріліп, аудандық аурухана басшысының электронды поштасына жіберілмекші екен.
Шынар БЕКБАН