СТУДЕНТТЕР ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНЕ САПАР ШЕКТІ
Қорқыт Ата ҚМУ тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімінің жетекшілігімен оқу орнының 60 белсенді студенті Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне экскурсия жасады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Экскурсия барысында студент-жастар қайта жаңғыртылған кешенмен танысты. Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені түркі жұртының баба рухына тағзым жасайтын киелі орны. Жыл сайын бұл жерге көптеген туристік топтар мен мыңдаған жолаушы ат басын тірейді.
– Кешен барлық заманауи талаптарға сай салынған. Май құю бекеті, көлік жуу және жөндеу орны, қонақ үй кез келген жолаушының сұранысын қанағаттандыратыны сөзсіз, - деп алған әсерімен бөлісті математика мамандығының студенті Перизат Машрапова. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай игі шаралар өз жалғасын табатындығын жеткізді.