ҚАРМАҚШЫЛЫҚ 12 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгін Қармақшы ауданында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынған 12 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аймақ басшысы қатысып, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.
Бұл баспаналарды салуға 73 миллион теңге қаржы жұмсалған. Жаңа қонысты тұрғын үй кезегінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және мемлекеттік қызметшілерге берілді.
– Өзім ата-ананың қамқорлығынсыз өссем де, елім жетімсіретіп жатқан жоқ. Әрине, әке-шешінің орнын ешкім баса алмайды. Бірақ осындай қамқорлық жасап, баспанамен қамтып жатқанына алғысым шексіз. Менде елімнің өркендеу жолында өз үлесімді қосуда аянып қалмаймын, - дейді баспаналы болған Алмас Қанбаев.
Жалпы, өткен жылы ауданда 26 пәтерді құрайтын 19 үй пайдалануға берілді.