ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
Бүгін Қармақшы ауданы ІІІ интернационал ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының қуанышымен аймақ басшысы бөлісті.
30 келушіге арналған денсаулық нысанында тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бар жағдай жасалған. Медициналық аппараттар соңғы үлгіде. Аурушаңдықты дер кезінде анықталып, осында ем жасалады. Енді тұрғындар дәрігерге көріну үшін бұрынғыдай аудан орталығына қатынамайды.
Жалпы, ауылда 2500-нан астам халық бар. Ауыл әкімі Бақытбек Байбарақов тұрғындардың саны артып келе жатқанын айтады. Ауылда туу көрсеткіші жоғарлаған. Оның үстіне сырттан қоныс аударып келушілер де көп. Бұл ауылдың өркендеп келе жатқандығының белгісі.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылысын «Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жоба құны – 87,110 млн. теңге.