ДЕПУТАТ КЕШІГІП ЖАТҚАН ТӨЛЕМАҚЫНЫҢ БЕРІЛУІНЕ СЕПТІГІН ТИГІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында "Ашық есік күні” болып өтті.
"Ашық есік күнінде” аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Алтай Үсенов қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда Тұрмағамбет ауылының Тұрмағамбет көшесі №16 үй тұрғыны, жұмыссыз Қарлығаш Қарауылова қайнысының баласы Әділбек Асылханды анасы қайтыс болған соң өз қарауына алғанын айтты. Қамқоршылығындағы баласына аудандық білім бөлімі арқылы берілетін төлемнің кешігіп жатқаны жөнінде шағымданды. Депутат А.Үсенұлы дер кезінде тиісті орынға хабарласып, мәселенің оң шешім табуына көмектесті.
"Ашық есік күнгі” қоғамдық қабылдауға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Раева қатысып, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің оң шешім табуы аудандық мәслихат депутаттарының да үнемі басты назарында болып, ат салысып келе жатқанын айтты.