ҚАРМАҚШЫ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ
Қармақшы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов халық алдында есеп берді. Ауданда жыл ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Бастысы, түркі халқының абызы Қорқыт ата ескерткіші жаңғыртылып, зиярат ету орталығының құрылысы толық аяқталды. Кешен бүгінде «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын.
Әлеуметтік саланың да әлеуеті артты. Арғымақ жылында ауданда 9 мектеп пайдалануға берілсе, 10 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Ала жаздай тнымсыз тер төккен диқандар күріштің әр гектарынан 53 центнерден өнім алып, қамбаға 69 мың тоннадан астам Сыр маржанын құйды.
Тағы бір айта кетерлігі, кенттің кіре берісіне егемендікті айшықтайтын «Мәңгілік ел» монументі орнатылып, этносаябақ демалыс орны ашылды.
Дегенмен, ауданда әлі де күрмеуі қиын мәселе жетерлік. Тұрғындардың сауалына жауап берген аудан басшысы проблемалар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.