НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТҚА ЗАҢСЫЗ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН
Облыстық наркологиялық орталықта алкогольді көп қолдануынан психикалық және мінез құлық ауытқуына байланысты есепте тұратын Жосалы кентінің тұрғынына «В,С» категориялы жүргізуші куәлігі берілген.
Бұл Қармақшы аудандық прокуратурасының аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесіне жол-көлік қозғалысы бойынша заңнамалардың сақталуына тексеру жүргізу барысында белгілі болды, делінген аудандық прокуратурасының мәліметінде.
Аталған жүргізуші куәлігін алу үшін, аудандық аурухананың қызметкерінің кент тұрғынына диспансерлік есепте тұратындығына қарамастан, есепте тұрмайтындығы жөнінде жалған анықтама берген.
Аталған оқиғаға байланысты, айыпталушының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы бар екендігі байқалғандықтан, жинақталған құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімімен алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.