ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қармақшы ауданының әкімі Н.Шамұратов Елбасы атынан соғыс ардагерлерін Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толатын Жаңа 2015 жылмен құттықтады және сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Бүгінде 94 жасты алқымдаған Шәкіман Бектібаев пен 90 жасқа келген Қуанышбай Бисембаевтар Елбасына әрдайым жасап жүрген қамқорлығы үшін алғысын білдірді.
Аудан әкімі соғыс ардагерлерімен жүздесу барысында Мемлекет басшысының соғыс ардагерлерінің майдандағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектерінің, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестерінің елге – мұра, ұрпаққа – өнеге деген жылы лебіздерін жеткізді.
Сонау соғыс жылдарында ерлік көрсеткен ардагерлер Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатын қолдайтындықтарын сөз ете келе, «Мәңгілік елдің» болашағы кемелдене түсетіндігіне сенімді екендіктерін тілге тиек етті.