ЕҢБЕК ЕТЕМІН ДЕГЕН АДАМҒА УАҚЫТ ТАБЫЛАДЫ
Қармақшы ауданы әкімі Нәжмадин Шамұратов өзінің іс-қимыл бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында Мұхамбетқали Өскелеңовтың бақшасында болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
3000-ға жуық түрлі жеміс және саялы ағаштары жайқала өскен бау-бақшасында піскен кезінде бір түйірінің салмағы 1 келіден жоғары, түсі қара болатын қызанақтарын, Ресей мемлекетінен алынған, піскен кезде салмағы 500 келіге дейін жететін асқабақ пен бақшаның сәнін келтіріп, иісі мұрын жарып тұрған гүлдерін тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстанның мақтанышы «Аппорт» алмасының сорты мен алмұрттың және басқа да будандастырылыған жеміс ағаштарын көрді.
- «Еңбек етем деген адамға уақыт табылады. Тек ерінбей, уақытпен санаспай еңбек ету, іздену керек. Сол кезде адам өз кәсібінен ләззат алады», - дейді 35 сотыққа жуық алқапты алып жатқан бақты бір өзі қалай игеріп отырған бағбан.
Бағбан аудан басшысы мен қонақтарға бақшасындағы жеміс-жидектерді баптаудағы тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайында әңгімелеп берді. Бала жасынан бағбандықты өміріне серік еткен Мұхамбетқали Өскелеңов тек ауласында ғана емес, өзі қызмет жасайтын №105 орта мектептің айналасына саялы ағаштар мен гүлдер отырғызып, бүгінде оның жайқала өсуіне жұмыстар жасауда.