СЕНБІЛІК СЕРПІНДІ БАСТАЛДЫ
Осы жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өтетін тазалық, көркейту және көгалдандыру айлығының алғашқы сенбілігіне Қармақшы ауданында 1000-ға жуық тұрғын мен ондаған техника қатысты.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеме-кәсіпорындар, білім беру ұйымдары мен жастар өкілдері, және кент тұрғындары көшелерді түрлі қалдықтардан тазартып, ағаш әктеді. Әз Наурыз қарсаңындағы тазалық шарасы әр ауылда ұйымдастырылып, оған жұрт жаппай қатысты.
Екі айлық барысында тал отырғызылып, гүл егіледі. Сондай-ақ, бұралқы ит пен мысықтарды аулау жұмыстары да қатар жүргізілетін болады.
Екі айлық барысында тал отырғызылып, гүл егіледі. Сондай-ақ, бұралқы ит пен мысықтарды аулау жұмыстары да қатар жүргізілетін болады.